Новости
«Қайрат» Уразбахтинмен қоштасты

Клубтың ресми парақшаларында бас бапкер Рафаэль Уразбахтиннің қызметінен кеткені хабарланды. Негізі, мұндай шешімнің қабылданатыны сезіліп жүрген. Бірақ чемпионаттың аяқталуына бір тур қалғанда болады деп күтпедік. Чемпиондық атақтан үміт үзген соң, клуб басшылығы бұл шешімді тезірек қабылдаған сияқты.
Рафаэль Уразбахтиннің жетекшілігімен «Қайрат» екі рет Қазақстан чемпионы атанды. Сондай-ақ УЕФА Чемпиондар лигасы мен Конференциялар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Ал 2025 жылдың басында Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды.