Сборная
Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімінде Артём Литош бірден көзге түседі

«Шахтёр» шабуылшысы Бірінші лигада 23 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Англия мен Ирландияның жастар құрамаларына да гол соққан. Сондықтан мұндай ойыншының құрамаға шақырылуы заңды.
Атырау футболының түлегі Әділбек Жұмахановтың да құрамаға қайта оралғаны байқалады. «Елімай» қорғаушысы биыл бұрынғыдай жақсы ойын көрсете алмады. Оның үстіне жарақатына байланысты біраз уақыт алаңға шыға алмады. Осы себепті ұлттық құрамаға шақырылмаған еді.
Болашағынан үміт күттіретін ойыншылардың қатарында «Оқжетпестен» Васильевті, «Ордабасыдан» Нұрымбетті, «Атыраудан» Сатановты және «Елімайдан» Төлубайды да атауға болады.