Сборная

Қазақстан Молдоваға есе жіберіп, плей-офф кезеңіне шығудың теориялық мүмкіндігінен де айырылды

Ұлттық құрама нашар ойын көрсетіп, қарсыласына лайықты қарсылық таныта алмады.

Мұндай ойынға пікір білдірудің өзі қиын. Жеңілісіміз орынды болды. Түрлі себепті алға тартуға болады, бірақ алдымызға қойған міндет орындалмады. Айтпақшы, біздіңше, Ұлттар лигасы басталған сәттен-ақ бұл турнирдің аралық кезең екенін, мұнда үлкен мақсат қойылмайтынын ашық айту керек еді. Сонда жанкүйерлердің де күткені азайып, көңіл қалу да соншалықты болмас еді. Ал көктемде Еуро-2028 іріктеу кезеңі басталады. Біздің түсінуімізше, негізгі спорттық мақсат осы турнирге байланысты болмақ.

Джон ван’т Схипке келсек, іріктеу циклі аяқталған соң, оның еліне қайтатыны анық. Ұлттық құраманың тізгінін басқа бапкер ұстайды. Қалай болғанда да, бұл — қисынды шешім.

Back to top button