ҚПЛ клубтары жолдастық кездесулер өткізді

Чемпионаттың шешуші кезеңі қарсаңында командалар жақын резервін сынап, үзілісті жолдастық кездесулер өткізуге пайдаланды. Кейбір ойындардың нәтижесі айтарлықтай қызықты болды.
Мәселен, «Қайрат» «Жетісумен» кездесер алдында қырғызстандық «Барсқа» қарсы голдар додасын ұйымдастырды — 4:4. «Қайсар» «Тұранды» 3:2 есебімен жеңді. Ал сырт алаңда «Елімай» Қазақстан чемпионы атануға бес минуттай ғана қалған «Ордабасыдан» 3:1 есебімен басым түсті. Бұл — «Ақтөбе» үшін алаңдатарлық белгі. Сірә, семейліктер тиісті қорытынды жасап, чемпионаттың соңғы бөлігін сәтті өткізуге бел буған сияқты.
Ал ақтөбеліктер «Атырауды» 2:0 есебімен жеңді. Айтпақшы, бұл жолдастық кездесуге келген жанкүйерлер саны Премьер-лиганың кейбір клубтарының ресми ойындарына жиналған көрерменнен де көп болды.
Соңында Қостанайда «Тобыл» «Оқжетпесті» 4:2 есебімен ұтты.
Жалпы, чемпионаттың соңғы төрт туры өте тартысты өтетін түрі бар. Күтпеген нәтижелер де, қызу ойындар да көп болары анық. Келесі аптаның соңын асыға күтеміз.
Видеода: Нанидің «Атырау» қақпасына соққан голы.