Әзірге көпшілік ҚПЛ-дегі командалар санын 18-ге дейін көбейту мүмкіндігін талқылап жатқанда, біз алдағы маусымдағы Премьер-лигадағы бәсеке жайында ой қозғадық.

Әзірге көпшілік ҚПЛ-дегі командалар санын 18-ге дейін көбейту мүмкіндігін талқылап жатқанда (біздің ойымызша, бұл жүзеге аспайды), біз алдағы маусымдағы Премьер-лигадағы бәсеке жайында ой қозғадық.
Ашық және құпия ақпараттарға сүйенсек, 2026 жылмен салыстырғанда келесі маусымда жүлделі орындар мен еурокубок жолдамаларына үміткер командалар саны арта түспек.
«Ақтөбе», «Астана», «Қайрат», «Ордабасы», «Шахтер», «Оқжетпес», «Тобыл», «Елімай», «Қызылжар», «Жеңіс» және тіпті «Тұран». Осылайша, 16 команданың 11-і алдына қойған міндеттерді орындауға қауқарлы құрам жасақтамақ. Сонымен қатар «Атырау» мен «Ертісті» де есептен шығаруға болмайды. Бұл қатарға иесінің есімі жақын арада белгілі болатын «Каспийді» де қосуға болады.
Мұндай қорытындыға бізге келіп түскен ақпаратты, клуб иелерінің іске араласу деңгейі мен қызығушылығын саралай келе келдік. Әрине, жоғарыда аталған командалардың көпшілігі маусым соңына дейін бұл қарқынын сақтай алмауы мүмкін. Дегенмен, олар маусым басталғанда-ақ бәсекеге түсетіні анық.
Бірінші әрі ең басты өлшем —қаржының болуы. Әрине, жоғарыда аталған клубтардың бюджеті әртүрлі болады. Алайда бастапқы қаржы көлемі, яғни ең төменгі меженің өзі қомақты болмақ.
Екінші мәселе — қолда бар қаржыны тиімді әрі сауатты жұмсай білу. Бұл екінші эшелондағы командалар үшін шешуші фактор болмақ.