Новости

Өткен аптадағы ең қызықты шаралардың бірі – Freedom QJ League-дегі Changan Балалар туры болды!

Бұл жолы клубтар бір демалыс күнінде балаларға ересектер атқаратын жұмыстарды өздеріне байқап көруге мүмкіндік берді. Мысалы, Алматыда Аяла Мырзан «Қайсар» бапкері Ислам Рахметовтен флеш-сұхбат алды. Қызылордада Дінмұхаммед Ерболатов матчтың дикторы болды. Бұл — көп мысалдың екеуі ғана. Ал Таразда екі бала ауысым кезінде төреші көмекшісі ретінде алаң жиегінде тұрды. Әрине, балалардың жанында ересектер де болып, қажет кезде көмектесіп отырды.

Матчтардың безендірілуі де ерекше болды. Тур ойындарына әлеуметтік желілер мен трансляцияларда арнайы графика қолданылды. Кейбір кездесулерде негізгі құрамдағы футболшылардың суреттері балалардың салған суреттерімен алмастырылды.
Өткен маусымда мұндай акция Мұғалімдер күніне орай бір рет өткізілген еді. Ал биыл Лига Балалар турын жыл сайынғы дәстүрге айналдыруды шешті.

Футболда жұмыс істегісі келетіндерге мүмкіндік көп. Бұл тек футболшы немесе бапкер болумен шектелмейді. Төреші, комментатор, оператор, фотограф сияқты мамандықтар да бар. Балаларға футболдағы осындай мамандықтардың да қызықты әрі болашағы бар екені іс жүзінде көрсетілді.

Back to top button