Клубы

«Қайсар» Премьер-лигада қала ма?

Осыдан екі апта бұрын-ақ «Қайсардың» Премьер-лигада қалу үшін заңды жолдарды іздестіріп жатқаны туралы түрлі әңгіме тараған еді. Бұл мәселеге клубтың өзі де, инвестор да, бұрынғы және қазіргі әкімдер де мүдделі көрінеді.

Кеше «Қайсарды» қиын жағдайдан алып шығу үшін Талғат Байсуфиновтың Қызылордаға баратыны туралы ақпарат шықты. Егер солай болса, команданың Премьер-лигада қалу мүмкіндігі айтарлықтай артады. Талғат Маруанұлы қалған ойындарда қанша ұпай жинауға болатынын, қарсыластарының да мүмкіндігін есептеп қойғаны анық. Ал басты бәсекелестері екеу-ақ: «Алтай» мен «Жетісу».

Бүгін Елдар Аманбаев Талғат Маруанұлының Қызылордаға баратынын тағы да хабарлады. Егер бұл ақпарат расталса, «Қайсардың» Премьер-лигада қалуға мүмкіндігі жоғары. Ал оның бәсекелестері — «Алтай» мен «Жетісудың» жағдайы қиындай түседі.

Back to top button