Новости
Қазақстан Еуропа футболындағы ауқымын кеңейтпек

Қазақстан футбол федерациясы 2030 жылы футзалдан өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін елімізде өткізуге ниетті. Бұл —Қазақстанның ірі халықаралық футбол жарыстарын қабылдауға деген ұмтылысының тағы бір көрінісі.
Бұл додаға Еуропаның жетекші футбол елдерін қоса алғанда, жеті ұлттық қауымдастық үміткер болып отыр. Қазақстанның да өтінім беруі еліміздің жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізуге және футзалды одан әрі дамытуға мүдделі екенін көрсетеді.
Еуропа чемпионатын қай ел қабылдайтыны 2027 жылдың қыркүйегінде УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында белгілі болады. Оған дейін үміткер елдер қажетті рәсімдерден өтіп, барлық құжаттарын тапсыруы керек.