Новости
Қазақстан кубогы жартылай финалының екінші жұбындағы «Қайсар» мен «Жеңіс» арасындағы алғашқы ойын өтті

Барлығының назары «Қайратқа» ауып тұрған кезде, Қазақстан кубогы жартылай финалының екінші жұбындағы «Қайсар» мен «Жеңіс» арасындағы алғашқы ойын көптің назарынан тыс өтті.
Қызылордалықтар турнир фавориттерінің бірі саналған астаналықтарды күтпеген жерден жеңді. Дегенмен, «Жеңістің» мүмкіндігі әлі толық жоғалған жоқ. 3:1 есебі қарымта матчта жағдайды өзгертуге мүмкіндік береді. Бірақ ол үшін «Жеңістің» ойыншылары алаңнан қуылмауы керек.