Новости

ҚПЛ-дың 15-турының екінші ойын күні барынша тартысты болғалы тұр

Бірде-бір кездесуде айқын фаворит жоқ. Тіпті Жезқазғанда ойнайтын «Ордабасыға» да оңай болмайды. Соған қарамастан, біз шымкенттіктер жеңеді деп есептейміз. Ал клубтың амбассадоры Бейбіт Әлібеков бұған толық сенімді. Ол пікірлердің бірінде: «Қайрат» турнир кестесінде көш басында небәрі бір күн ғана болады», — деп жазды.

«Жеңіс» пен «Астана» арасындағы кездесуде де басымдықты бір командаға беру қиын. Матчтың ерекшелігі, бұл стадион екі команда үшін де жат емес. Аншлаг бола қоймас, бірақ жанкүйерлердің қызу қолдауы болатыны анық.

«Тобыл» «Алтайды» жеңуі керек. Ал «Ертіс» маусым соңында төменгі орындар үшін күреске түспеуді ойласа, «Қайсармен» матчта да ұпай алуға тиіс. Бұл кездесуде өз алаңының артықшылығы шешуші рөл атқаруы мүмкін.

Back to top button