Новости
2027 жылғы маусымда легионерлер саны қанша болады?

2025 жылы қабылданған шешімге сәйкес, шетелдік футболшылардың санын 8-ге дейін қысқарту жоспарланған еді. Алайда біздің ақпарат бойынша, маусым аяқталған соң ҚФФ Атқару комитеті қазіргі лимитті, яғни 10 легионерді сақтап қалуы тиіс.
Ал Бірінші лигаға қатысты әзірге ешқандай ақпарат жоқ. Бұл мәселе тіпті, бейресми әңгіме барысында да (шешім қабылдайтын адамдардың арасында) талқыланбаған сияқты. Біздің ұсынысымыз — кем дегенде үш легионерге рұқсат беру.