29-турдың алғашқы ойын күніндегі өзге нәтижелердің ішінен «Қызылжардың» жеңісін ерекше атап өтуге болады

Солтүстікқазақстандықтар «Ұлытауды» ұтып, келесі маусымда да Премьер-лигада ойнайтынын қамтамасыз етті.
«Жетісу» матчты жақсы бастағанымен, «Тобылға» қарсы ойында жеңісті сақтап қала алмады. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Бұл нәтиже жетісулықтардың үмітін арттырғанымен, турнирлік жағдайды өзгерткен жоқ. Енді бәрі «Жетісудың» қарсыластары қалай ойнайтынына байланысты.
Ал «Оқжетпес» өз алаңындағы соңғы ойынын жеңіспен аяқтап, «Елімайдан» озып кетті. Енді семейліктер көкшетаулықтарды қуып жете алмайды. Теориялық тұрғыдан «Ақтөбенің» «Оқжетпесті» басып озуға мүмкіндігі бар. Ол үшін ақтөбеліктер қалған екі қиын ойында да жеңіске жетуі керек.
«Оқжетпес» «Астананы» да қуып жетуі мүмкін. Бірақ бұл жағдайда бәрі елордалық команданың өз қолында. «Астана» қалған екі матчта жеңіліп қалса да, қола жүлдеден қағылмайды.