Кеше Марио Рабиу «Атырауға» жеңіс әкелді

Нигериялық легионер батысқазақстандық команданың ойынын жақсартуға үлкен үлес қосты. Ең маңызды сәтте ол командаға тірек бола білді.
Бір қызығы, Рабиу «Ақтөбеге» тиесілі еді. Ол ақ-қызылдардың қиын кезеңінде жартылай қорғауды күшейте алар еді. Сол кезде командада жарақат алған футболшылар көбейіп, бірнеше жас ойыншы негізгі құрамда ойнауға мәжбүр болды. «Ақтөбенің» осындай қиын кезеңі болғаны есіңізде шығар.
Алайда сол кездегі клуб басшылығы Рабиуды «Атырауға» жалға беруді жөн көрді.
Бұл шешімнің соңы да сәтті болмады. Рабиудың орнына келуі тиіс тағы бір легионер Гауденсио командаға тіркелмей қалды. Ал Рабиумен бірге ойнаған Корзунды командада қалдыру туралы шешім қабылданған еді. Бірақ ол жазда «Ақтөбеден» кетіп қалды.
Міне, осындай жағдай болған. Бұл оқиғада ұтқан тек —«Атырау» футбол клубы.