Сборная
Қазақстан жеңіспен бастады

Қазақстанның футзалдан ұлттық құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта Беларусь құрамасын 5:4 есебімен жеңді. Эдсон хет-трик жасап, үш голдың авторы атанды.
Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде тағы үш ойын өткізеді. 10 қарашада Беларусьпен сырт алаңда кездессе, Албания құрамасымен 9 желтоқсанда өз алаңында, ал 2027 жылдың 2 наурызында сырт алаңда ойнайды.
Топ жеңімпазы бірден элиталық кезеңге жолдама алады. Әлем чемпионатына берілетін жолдамалар осы кезеңде сарапқа салынады. Сонымен қатар екінші орын алған командалардың ішіндегі үздік төрт құрама да элиталық кезеңге тікелей өтеді. Қалған командалар өзара плей-офф матчтарын өткізеді.