Новости

«Қайрат» бес гол жіберіп қоя ма?» деген күдік те болған…

Осы матчқа анонс дайындамас бұрын «Әлде…?» деген ой да қылаң берді. Оның үстіне, әріптестеріміз де топ болып матчты тамашалауға аттанды. Бәлкім, олар ойынның нәтижесін алдын ала білген шығар? Әйтпесе, «Қайраттың» бес гол жібергенін көру үшін арнайы ұшып бармас еді ғой. Әрине, мұны әзіл деп қабылдаңыз.

Әзілсіз айтсақ, қонақтар жаман ойын көрсеткен жоқ. Керісінше, алаң иелерін, әсіресе «Аталанта» жанкүйерлерін қатты таңғалдырды. Маурицио Сарри де біраз тосылып қалды. Италиялық бапкер өз командасының бір ұпай еншілегенін мысқыл аралас жеткізді. Дегенмен сыннан да құр қалған жоқ. Әсіресе өз алаңында тағы бір-екі рет жеңіліс тапса, қызметінен босатылуы мүмкін. Кем дегенде, Италияның бұқаралық ақпарат құралдарында бұл мәселе қызу талқыланып жатыр.

Алайда мұның бізге қаншалықты қатысы бар? Біз үшін бұдан да маңызды екі мәселе бар.
Біріншісі — Қайрат Боранбаев негізгі қақпашы орнын Жора Арутюнянға сеніп тапсыруды шындап ойлай ма? Айтпақшы, бұл клубтың «біз тек ойыншыларды ғана емес, бапкерлерді де дайындаймыз» деген философиясына толық сай келеді.
Екіншісі — «Қайраттың» турнирлік мүмкіндігі. Кестеге мұқият көз жүгірттік. Алматы клубы жарыстан шығып қалған жоқ. Плей-офф кезеңіне өту үшін жеті ұпайдың өзі жеткілікті болуы мүмкін. Әрине, «Қайраттың» басты кедергісі — ойын тәжірибесінің аздығы мен бабында болмауы. Дегенмен бапкерлер штабы бұл мәселенің шешімін табуы мүмкін. Оның үстіне, алдағы екі кездесу де Қазақстанда өтеді.

Back to top button