Новости

«Жеңіс» футбол академиясының құрылысы Астана қаласы мен жалпы Қазақстан футболы үшін маңызы зор жоба

Бұл — көпшілік асыға күткен жаңалықтардың бірі.

Осы жобаға қатысты жаңалықтармен бөлісу мен үшін үлкен мәртебе.

30 қазанда академияны салу және пайдалану жобасы бойынша инвестициялық келісімшарт жасалды. Жұмыс бағдарламасына сәйкес, 9,6 гектар жер учаскесі бөлініп, жобаға миллиардтаған инвестиция салу көзделген. Алдымызда осы жоспарларды жас футболшыларды даярлауға арналған заманауи инфрақұрылымға айналдыру жолында ауқымды жұмыс күтіп тұр.

Мұның барлығы мемлекет, қала әкімдігі және жеке инвестордың бірлескен күш-жігерінің арқасында жүзеге асуда.

Футболды дамытуға ерекше көңіл бөліп отырған Мемлекет басшысына, жобаны қолдаған Астана қаласының әкімдігіне, сондай-ақ клуб пен жас футболшылардың болашағына инвестиция салуға дайын болған Михаил Ломтадзе мырзаға алғысымды білдіремін.

Бұл жобаның мен үшін орны ерекше. Мен Астанада дүниеге келдім, футболдағы алғашқы қадамдарымды «Жеңіс» клубында жасадым. Сондықтан клубтың және сапалы футбол дайындығының жас ойыншының өмірінде қандай маңызды рөл атқаратынын жақсы түсінемін.

Бүгінде клубтың бас директоры ретінде жобаның кезең-кезеңімен жүзеге асырылуына және академияның балалар білім алып, жаттығып, футболда өсіп-жетілетін орталыққа айналуына жауаптымын. Мен үшін бұл жай ғана жұмыс міндеті емес. Бұл бүкіл өміріммен тығыз байланысты клуб пен қаланың болашағына қосылған үлес.

Жоба барысы туралы тұрақты түрде ақпарат беріп отырамыз.

Back to top button