Новости

Владимир Жарковтың мәліметінше, «Ақтөбенің» тізгінін Игорь Черевченко ұстауы мүмкін

Бұл ақпарат шындыққа жақын. Бүгін «Ақтөбе» футбол клубы басқарма төрағасы Бақытбек Дүзелбаев Алматыға ұшады. Ертең ол Нұрлан Артықбаевпен бірге ресейлік-тәжік маманымен кездеседі. Егер екі тарап келісімге келсе, келісімшартқа қол қойылады.
Айта кетейік, Черевченко «Локомотивпен» бірге Ресей кубогын жеңіп алған. Сондай-ақ Тәжікстан чемпионатын үш рет ұтқан.
Ал бұл жазбамыздың суретін интернеттен алдық, шамасы, осындай чемпиондықтардың бірінен кейін түсірілген болса керек.

Back to top button