«Қайраттың» еурокубоктың күзгі кезеңіне шығуына мүмкіндігі мол

Бұл еурокубоктардың үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі жарияланғаннан кейін анық байқалды. Әрине, ең қолайлы жағдай — Қазақстанның қазіргі чемпионы «Омонияны» жеңуі. Ондай жағдайда «Қайрат» кем дегенде Конференциялар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алады. Сонымен қатар былтырғы жетістігін қайталап, Еуропа лигасының негізгі кезеңіне шығу үшін де күресуге мүмкіндік туады.
Алайда кипрлік клубтан жеңіліп қалған күннің өзінде қазақстандық командаға Швецияның «Мьельбюі» мен Гибралтардың «Линкольн Ред Импс» жұбындағы әлсіздеу қарсыласты ғана еңсеру қажет. Біздің болжамымызша, ол —гибралтарлық клуб болмақ.
Әрине, бір ескеретін жайт бар. Соңғы жылдары шағын мемлекеттердің чемпиондары Португалия, Испания және футболы дамыған өзге елдерден келген екінші-үшінші деңгейлі ойыншылармен күшейді. Оның үстіне Гибралтар клубтары Конференциялар лигасының негізгі кезеңінде ойнап, тәжірибе де жинап үлгерді. Соған қарамастан бұл жұпта «Қайраттың» мүмкіндігі жоғары деп санаймыз.