Клубы
«Қызылжар» футбол клубына техникалық жеңіліс жазылуы мүмкін

Себебі Александр Нойок бір турда екі командада, яғни, «Атырау» мен «Қызылжар» сапында ойнаған. Бұл — ереже бұзу.
Мәселе мынада: мамыр айында өткен «Ақтөбе» – «Атырау» матчы бүгінгі 21-турдың ойыны болып есептеледі. Егер командалар алаңдарын ауыстырмаған болса, бұл кездесу 10-турға жататын еді.
Қысқасы, ережеге байланысты осындай түсініксіз жағдай болып тұр.