Клубы

«Алтай» техникалық жеңістің арқасында 19 ұпай жинап, «Жетісу» және «Атыраумен» ұпай санын теңестірді.

Сонымен қатар «Ертістен» 2 ұпай алда тұр. Алайда өскемендіктер мен жетісулықтардың екі ойыны артық. Бұл турнирлік кестеде өте маңызды болуы мүмкін.

«Ордабасы» сырт алаңда «Жетісуды» ірі есеппен жеңіп, «Қайраттан» сәл ұзап кетті. Алматылықтарға өз матчында әлі жеңіске жету керек.
«Каспий» мен «Ұлытау» тең ойнады. Шамасы, бұл нәтиже екі командаға да қолайлы болған сияқты.

Back to top button