Новости
Скотт Манн: «Мәселе камера санында емес, стадиондардың дайындығында»

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Манн елдегі стадиондарда түсірілім жүргізу және VAR жүйесінің жұмысына қойылатын техникалық талаптарға қатысты пікір білдірді.
Маннның айтуынша, сапалы трансляция үшін әр матчта кемінде 9 камера болуы керек.
— Қазір Қазақстандағы VAR жүйесінің басты мәселесі – стадиондардың ескіргені. Кейбір ареналардың құрылымына байланысты камераларды дұрыс орнатып, калибрлеу мүмкін емес. Мәселе камера санында емес, олардың орналасатын ракурстарында. Маусым басталар алдында талаптарды нақты белгілеуіміз керек. Егер стадион техникалық тұрғыдан дайын болмаса, онда онда матч өткізуге рұқсат берілмеуі тиіс, — деп атап өтті Скотт Манн.