Клубы
«Ақтөбе» «Алтайды» жеңіп, өте маңызды үш ұпай еншіледі

Бұл жеңістің мәні зор. Біріншіден, команда биыл алғаш рет сырт алаңда жеңіске жетті. Екіншіден, жергілікті бапкердің жетекшілігімен алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Үшіншіден, Қазақстан кубогындағы жеңілістің есесін қайтарды. Ең бастысы, ақ-қызылдар жүлделі үштік үшін күресті жалғастырып келеді.
Енді оларды «Оқжетпеспен» шешуші кездесу күтіп тұр. Сол ойыннан кейін турнирлік кестедегі жағдай біршама айқындала түседі.«Ордабасы» енді Алматыда маусымның маңызды матчтарының бірін өткізеді. Ал бүгін олар «Елімайды» жеңіп, еурокубок жолдамасына таласып жатқан өзге командаларға да көмегін тигізді.

