Женский футбол

«Ақтөбе» әйелдер командасы «Аяксты» жеңді

Алғашқы ойындағы 0:8 есебімен ойсырай жеңілгеніміз, шынын айтқанда, қатты батқан жоқ. Керісінше, мұндай ірі есеп барлық эмоцияны бірден басып тастағандай болды. Осындай ауыр жеңілістен кейін не жазасың? Бірақ біздің қыздарға кінә арта алмайсың. Чемпионаттағы көңілге кірбің түсірген жартылай финалдан («Тұраннан» 0:1 есебімен ұтылды) кейін олар әбден қажып қалған еді. Артынша «Аякс» тағы да оларды тас-талқан етті.

Ерлер арасындағы 1996 жылғы УЕФА Суперкубогы үшін «Ювентус» пен «ПСЖ» арасындағы кездесулер жақсы есімде. Ол кезде Суперкубок екі ойыннан тұратын. Алғашқы матчта «Парк де Пренс» стадионында қонақтар қарсыласын ойсырата жеңіп, 6:1 есебімен ұтты. (Мұндай да болған!) Матчтан кейін париждіктердің президенті Италияда қарымта ойында есепті қайтару мүмкін емес екенін жақсы түсініп, «ПСЖ»-ға кез келген есеппен жеңіске жетудің өзі жеткілікті екенін айтты. Сол сөз есімде мәңгі сақталып қалды. Шынында да, осындай ірі жеңілістен кейін қандай есеппен болса да жеңіске жету — абыройды сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Кеше әйелдер арасында «Ақтөбе» «Аякс» командасын жеңіп, өз абыройын сақтап қалды. Бұл ойыншыларға да, бас бапкер Семеновке де, жалпы клубқа да қатысты.

Back to top button