Новости
Ақтөбедегі ОБЖМСМ-нің футбол алаңы жаңғыртылады

Спорт мектебінің алаңындағы жасанды жабын соңғы рет 2020 жылы ауыстырылған. Алайда алаң күн сайын дерлік пайдаланылғандықтан, уақыт өте оның сапасы төмендеген.
Клуб басшысының айтуынша, енді алаңда ішінара жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Негізгі мақсат — алаңды 2027 жылдың наурызында ҚПЛ ойындарын қабылдауға дайындау.
Кейбір мамандардың пікірінше, «Ақтөбе» маусымды Түркістанда емес, Ақтөбедегі резервтік стадионда бастағанда, команданың нәтижелері де басқаша болуы мүмкін еді. Осыны ескерген клубтың қазіргі басшылығы мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеуді көздеп отыр.
Сонымен қатар, бұл командаға қонақүй мен әуе сапарларына жұмсалатын қомақты қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді.