ALGA! жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

ALGA! жобасына қатысқан он қыз үшін зор мүмкіндік туды. «Балдәурен» республикалық турнирінде сәтті ойнағаннан кейін олар «Шахтер» академиясына шақырту алып, клуб академиясының қатарына қосылды. Кейін Freedom BFL турнирінде жаңа команда сапында алғашқы ойындарын өткізді.
Ата-аналар үшін бұл жай ғана кезекті матч емес. Бұл — олардың еңбегі мен қолдауының нәтижесін көрген ерекше сәт.
— Қызымыздың «Шахтердің» әйелдер командасына шақырылғанын естігенде қатты қуандық әрі мақтандық. Алғашқы ойыны кезінде қатты уайымдадық. Бірақ оның алаңға шыққанын көрген сайын мақтанышымыз арта түсті. Бұл — отбасымыз үшін ең бақытты сәттердің бірі болды, — дейді футболшылардың бірінің анасы Аяужан Жапарова.
QOFA — ALGA! жобасы дәл осындай мүмкіндіктер үшін құрылған. Жоба талантты қыздардың футболдағы алғашқы қадамын жасап, әрі қарай дамуына жол ашады. Бүгінде жобаның алғашқы түлектері осы мүмкіндікті пайдаланып жатыр.