Клубы

«Астана» мен «Оқжетпес» жеңіске жетіп, турнир кестесінде ақ-қызылдарды басып озды

Ал «Елімай» жоғалтқан ұпай саны бойынша «Ақтөбемен» теңесті.
Ақ-қызылдардың үздік үштікке таласуына мүмкіндік бар. Бірақ бұл оңай болмайды. Ал төртінші орын үшін тартыс тіпті қыза түспек. Маусым басында төменге құлдырайды деген болжам айтылған «Оқжетпес» қазір легионерлердің толық құрамын жасақтап, соңына дейін күресуге дайын екенін көрсетіп отыр.

Чемпиондық бәсеке де соңына дейін жалғасатын түрі бар. Бүгін «Ордабасы» шаршаңқы көрінген «Тобылды» күткендей жеңіп, қайтадан турнир кестесінің бірінші орнына көтерілді.

Back to top button