Клубы
«Астана» құрамын күшейтті

Елордалық клуб сапын екі ойыншы толықтырды. Олардың бірі — сербиялық қорғаушы Иван Миладинович, екіншісі — вингер Дамир Марат. Осындай деңгейдегі екі футболшының бірден келуі «Астананың» қаржылық мәселелері тым құрыса ішінара шешіле бастағанын аңғартуы мүмкін. Алайда әзірге клубқа жаңа инвестордың немесе ірі демеушінің келгені туралы ресми ақпарат жоқ. Сондықтан әзірше бұл өзгерістердің бәрі клуб президенті Саян Хамитжановтың жеке беделі мен мүмкіндіктерінің арқасында жүзеге асып жатыр деп айтуға болады.