Федерация

Астанада «Батыр жолы» ұлттық футбол конференциясы өтті

ҚФФ ұйымдастырған ауқымды конференцияда Қазақстан футболын дамытудың бірыңғай бағыты, ұлттық ойын моделі және жаңа әдістемелік стандарттар таныстырылды.

Іс-шараға 200-ден астам делегат қатысты. Олардың қатарында ҚФФ Атқарушы комитетінің мүшелері, клуб басшылары, бапкерлер, академиялар мен өңірлік қауымдастықтардың өкілдері, халықаралық сарапшылар, футбол ардагерлері және БАҚ өкілдері болды.

Конференция барысында ҚФФ Президенті Марат Омаров, Бас хатшы Скотт Манн және Техникалық директор Геннадий Скуртул Қазақстан футболының даму стратегиясы, ұлттық футбол философиясы және жас ойыншыларды даярлаудың жаңа тәсілдері туралы баяндады.

Сондай-ақ FIFA мен UEFA сарапшылары Стив Морроу мен Аарон Бриггс халықаралық тәжірибелерімен бөліссе, қазақстандық футбол мамандары ұлттық болмысты сақтай отырып, еліміздегі футболды дамыту мәселелерін талқылады.

«Батыр жолы» – Қазақстан футболында бірыңғай философия мен ортақ даму бағытын қалыптастыруға арналған маңызды стратегиялық қадам.

#KFF

Back to top button