«Аталанта» мен «Қайрат» кездесуі ең тартысты әрі көпшілік назарын аударған ойындардың бірі болары сөзсіз

«Аталанта» мен «Қайрат» кездесуі алматылық клуб үшін 2026/2027 жылғы Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі ең тартысты әрі көпшілік назарын аударған ойындардың бірі болары сөзсіз
Бұл жолы болжам жасап, Қазақстанға қажетті еуроұпайларды есептеп әуре болғымыз келмейді. Тек футболды тамашалап, командалардың тартысты ойынына куә болсақ дейміз. Ең бастысы, ойынның өзінен ғана емес, нәтижесінен де қуанышқа бөленсек екен. Жора Арутюнян үшін бұл – ең жоғары деңгейдегі дебют. Ойыншылардың мәлімдемелеріне қарағанда, оның командасы кездесуге үлкен дайындықпен, жеңіске деген жігермен келіп отыр.
Дегенмен «Аталантаның» бас бапкері Маурицио Сарри де «Қайратқа» жылы пікір білдіріп, алматылықтардың «Интермен» 1:2, «Арсеналмен» 2:3 есебімен өткен ойындарын еске салды. Қазір «Аталанта» үшін кезең оңай болмай тұр. Соған қарамастан, бұл кездесуде италиялық клуб фаворит саналады. Алайда мұның өзі олар үшін үлкен тұзаққа айналуы мүмкін. Өйткені «Қайратпен» ойында ұпай жоғалту клуб басшылығының шыдамын сарқып, кейбір мамандардың жаңа жұмыс іздеуіне себеп болуы ғажап емес. Әзірге бұл — жай ғана сөз арасында айта кеткеніміз.