Клубы

«Ақтөбе» «Елімайдан» Түркістанда ойсырай жеңілгені үшін есесін қайтарды

«Ақтөбенің» шабуылшылары сәл дәлірек ойнағанда, есеп бұдан да ірі болар еді. Сонда қарсыласын ойсырата жеңді деуге толық негіз болар еді. Алайда семейліктер бір голдың қарымтасын қайтарып, тіпті қарсыласын қыспаққа алып, есепті теңестіруге де мүмкіндік алды. Абырой болғанда, Шушеначев үшінші голды соғып, жеңімпазға қатысты мәселеге нүкте қойды.

Енді көңіл күйі көтеріңкі ақтөбеліктер шымкенттіктерге де үлкен кедергі келтіріп, артынша «Қайраттың» да жолын кесуі мүмкін. Қазір бәрі өз қолдарында.

Матчтан кейін Андрей Карповичке қараудың өзі қиын болды. Әрине, «Елімайдың» бас бапкері баспасөз мәслихатында өзін барынша ұстап, тіпті кей сәттерде жымиып та қойды. Дегенмен, оның көңіліне қаяу түскені анық.

Біз осыдан екі жыл бұрын да осында болғанбыз. Ол кезде жергілікті команда бүгінгіден әлдеқайда мықты болды деу қиын. Бірақ бойында жігер, от, алаулаған рух басым еді. «Спартак» стадионында ине шаншар орын болмайтын. Ал бүгін трибуналардың жартысы бос тұр. Мұның себебі күннің салқындығында ғана емес.

Айтпақшы, мәселе тек нәтижеге де байланысты емес. Өйткені 2024 жылы да «Елімай» чемпиондыққа басты үміткерлердің қатарында болған жоқ. Оның үстіне, сол маусымды алтыншы орынмен аяқтады.

Біздің арна мәселенің неден туындағанын шамамен түсінеді. Оның себебі командада емес, жоғары жақта жатқан сияқты. Бірлік жетіспейді. Алайда ұлы Абайдың туған жеріне қарапайым қонақ болып келген соң, бұл тақырыпты қозғамай-ақ қояйық. Оған қатысы бар адамдар өздері айтып берсін. Егер айтқысы келсе…

Back to top button