Новости

Бүгін футболдан Қазақстан кубогы-2026 турнирінің финалы өтеді

Финалдық жұптың аса тартымды емес екені рас. Өйткені үміткерлердің бірі Бірінші лигаға түсіп қалды. Сондықтан көпшілік бұл кездесуде кімнің жеңіске жететіні алдын ала белгілі деп есептейді.

Бізді бір ғана мәселе қызықтырады. Біз әрдайым алаңда мықтының жеңгенін қалаймыз. Оның үстіне финалда түрлі тосын жағдай болуы әбден мүмкін. Алайда «Қайсар» жеңіске жеткен жағдайда, легионерсіз Конференция лигасында Қазақстан намысын қалай қорғамақ? Біз мұны спорттық принципті бұзуға жасалған әрекет деп отырған жоқпыз, тек риторикалық сұрақ қойып отырмыз. Ал бүгін Көкшетаудың күллі футболсүйер қауымы «Ордабасыға» жанкүйерлік етеді. Өйткені ол жеңіске жетсе, көкшетаулықтар еурокубок жолдамасын сөзсіз иеленеді.

«Ордабасы» мен «Қайсарға» сәттілік тілейміз! Екі команда да тартысты, тартымды футбол көрсетіп, жанкүйерлерге тамаша ойын сыйласын!

Back to top button