Новости
Бұрынғы кадрлар оралып жатыр

Төрешілер корпусында өзгерістер болды. Әзірге бұл төменгі деңгейдегі төрешілерге қатысты. Қолдағы мәліметке сүйенсек, бұған дейін қызметтен шеттетілген, кейін босатылған, тіпті футболдан «ұмыт қалған» бірқатар төреші қайтадан жұмысқа кіріскен. Олардың қатарында Рустам Омаров пен Григорий Московченко да бар.
Осындай өзгерістер инспекторлар корпусында да байқалады. Айтуларынша, семейлік Борисов та қайта қызметке оралған.