Новости
Чемпионатта енді маңызды емес ойын жоқ

Әр матчтың өз салмағы бар, әр команда өз мақсатына жетуге тырысып жатыр.
Мәселен, «Жетісу» мен «Тобылды» алайық. «Жетісу» Премьер-лигада қалу үшін күресіп жүр. Белгілі бір жағдайда үш ұпай жинаса, командаға осының өзі жеткілікті болуы мүмкін. Ал «Тобыл» сәті түссе, турнир кестесінде «Ақтөбеден» озып, үздік алтылыққа қосылады.
«Оқжетпес» төртінші орын үшін барын салып жатыр. Бүгін жеңіске жетсе, «Елімайдың» оны қуып жетуге мүмкіндігі қалмайды. «Ақтөбеге» де «Оқжетпесті» басып озу қиынға соғуы мүмкін.
«Қызылжар» бүгін ҚПЛ-дегі орнын сақтап қалу мәселесін шешуі мүмкін. Ол үшін «Ұлытауды» жеңуі керек. Дегенмен, тең ойынның өзі де командаға көмектесуі ықтимал.
Ал «Орданың» ойынына бөлек тоқталамыз.