Новости
Данило Митрович «Ақтөбеден» кетті

Сербияда болғанымда Данило Митровичтің кім екенін сұрадым. Бірақ жергілікті мамандар ол туралы ештеңе айта алмады. Бұл футболшыны көпшілік біле бермейді. Оның Марат Хайруллиннің назарына қалай іліккені де түсініксіз. Енді клуб қорғаушымен қоштасып жатыр. Меніңше, «Ақтөбе» бұл трансферде қателесті. Бірақ дәл қазір онымен қоштасып жатқаны дұрыс шешім. Себебі оның орнына бұдан да мықты ойыншы табуға болады.
Оның үстіне Митрович («Ақтөбеде» алған) жарақатынан кейін ұзақ уақыт емделді. Кейін үйленді.