Новости

Ертең Қарағандыда Тимур Турлов өңір футболындағы бір жылдық жұмысты қорытындылайды

 Соңғы 12 айда Қарағанды облысының футбол федерациясы мен «Шахтер» клубы біраз жетістікке жетті. Осы маусымда «кеншілер» Премьер-лига жолдамасына мерзімінен бұрын ие болды. Қазір өңірде футбол инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Жаңа футбол алаңдары мен спорт алаңдары салынып, қолданыстағы нысандар жаңартылды. Сонымен қатар «Шахтер» клубының академиясы салынып жатыр. Клубтың аттас стадионы да ауқымды жаңғыртудан өтуде. Осы жұмыстардың барлығы туралы Тимур Турлов ертең айтып береді. Бұдан бөлек, өңірде мектеп футболын дамытуға бағытталған BFL және ALGA! жобалары жүзеге асырылып келеді. Сондай-ақ 9 қазанда Бірінші лигада «Шахтер» мен «Оңтүстік академиясы» командалары кездеседі. Ойын сағат 15:00-де басталады.
Back to top button