Новости
«Ертістің» жаңа бапкері туралы бірер сөз
Бұл маман туралы көп ақпарат жоқ, бірақ үш маңызды деректі атап өтуге болады.
Біріншіден, 2021 жылы Еслямов «Ақсумен» бірге Бірінші лигада чемпион атанып, команданы ҚПЛ-ға шығарды.
Екіншіден, араға бір жыл салып «Қайсармен» Бірінші лигада күміс жүлде жеңіп алып, команданы тағы да Премьер-лигаға алып шықты.
Үшіншіден, 2023 жылы «Ұлытаумен» бірге Екінші лиганың чемпионы атанды.
Сонымен қатар ол Қазақстанның U-17 жасөспірімдер құрамасында жұмыс істеді және ұлттық құраманың бапкерлер штабының мүшесі болды.
Енді оның Павлодардағы жұмысы қалай өрбитінін уақыт көрсетеді. Дегенмен, Премьер-лига — Бірінші лига да, Екінші лига да емес. Мұндағы бәсеке әлдеқайда жоғары әрі талап та қатаң.