Футбол алаңында: Қазақстан Германияға қарсы ойнайды!

Қазақстан футболын ерекше оқиға күтіп тұр. Жақын арада ел жанкүйерлерін дүр сілкіндіретін матч өтеді: QJL All Star құрамасы Германияның әйгілі «Боруссия Мёнхенгладбах» клубына қарсы алаңға шығады!
Бұл жай ғана жолдастық кездесу емес. Бұл — футболдың екі түрлі мектебінің тартысы. Неміс футболының тәртіпке негізделген жүйесі мен жеңіске құштар қазақстандық мінездің айқасы.
Өмірде бір-ақ рет келетін мүмкіндік. QJ League-тің жас таланттары үшін бұл — мансаптағы ең маңызды сынақтардың бірі. Алаңға лиганың үздік ойыншылары шығады. Еуропаның атақты клубына қарсы матч — өздерін көрсетуге, скауттардың назарына ілігуге және қазақстандық футболшылардың еуропалықтармен тең деңгейде ойнай алатынын дәлелдеуге берілген үлкен мүмкіндік. Олар ел намысы үшін барын салады. Сондықтан дәл қазір оларға жанкүйерлердің қолдауы бұрынғыдан да маңызды.
Ендеше, дәл қазір қолдамаса, қашан?
Қазақстан футболының тарихына куә болып, лық толы трибунадан жігіттерімізге күш-қуат беріңіз!
Бұл ерекше футбол кешін жіберіп алмаңыз. Стадиондағы орындар тез сатылып жатыр, сондықтан билет алуға асыққаныңыз жөн.
Билеттер сатылымда! Ең жақсы орындарды Freedom Ticketon арқылы қазірден бастап алып қойыңыз: