Новости

Мұндай тағдыр сыйын тиімді пайдалану керек!

Қазақстанның қазіргі чемпионы УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/2027 жылғы іріктеу кезеңіндегі жорығын жалғастырып жатыр. Бүгінгі «Омонияны» жеңгеннен кейін алматылықтар Еурокубоктардың күзгі кезеңіне жолдама алды. Әзірге қай турнирде ойнайтыны белгісіз. Бірақ ең кемі Конференциялар лигасында өнер көрсететіні анық.

Жалпы, бұл жеңістің қалай келгені маңызды емес. Бірақ тағдырдың осындай сыйын, яғни қарсыластың екі ойыншысы алаңнан қуылған сәтті, міндетті түрде пайдалану керек. Өйткені келесі жолы сәттілік қарсылас жақта болуы мүмкін.

Байбек пенальтиден мүлт кеткенде, «Қайрат» жанкүйерлерінің жүрегі зу ете қалғаны анық. Абырой болғанда, бәрі сәтті аяқталды.

Айтпақшы, Темірлан Анарбеков үшін де қуануға болады. Өткен жылы оның жұлдызы қазақстандық футболда жарқырай жанды. Бірақ биыл бірнеше қателіктен кейін атыраулық қақпашы туралы пікір өзгере бастады. Тіпті оны асыра бағаланған қақпашы деп те атағандар болды. Ал бүгін ол пенальтилер сериясында тағы да «Қайратты» құтқарып, Еуропаға өз мүмкіндігін қайта дәлелдеуге жақсы мүмкіндік алды.

«Қайраттың» келесі қарсыласы, сірә (тіпті біздіңше, 100 пайыз), Болгарияның «Левски» клубы болады.

Back to top button