Новости
Нұрғалиев «Ордаға» ауысады

Әріптестеріміздің Азат Нұрғалиевтің Қазақстан чемпионы әрі 2026 жылғы ел кубогының иегері «Ордабасы» сапына қосылатыны туралы ақпараты рас болып шықты. Дегенмен, анықтағанымыздай, оны футбол орталығына басшылық қызметке тағайындау жоспарланып отыр. Ол бұл қызметте Сава Ковачевичті алмастыруы мүмкін.
Бельгиялық маман Карел Гераертске қатысты тағы бір инсайд та расталды. Бұл мәселеде «Ордабасы» басшылығымен өтетін жеке кездесу шешуші рөл атқаруы тиіс. Сол жүздесуден кейін бәрі белгілі болады. Айта кетейік, бельгиялық маман келісімшартқа қол қойған жағдайда, оның көмекшілерінің бірі міндетті түрде қазақстандық маман болады.