Клубы

«Ордабасы» әлемге танымал футбол парақшасының назарына ілікті

Қазақстан Премьер-лигасының клубы күнде әлемдегі ең танымал футбол парақшаларының біріне шыға бермейді.

78 миллион оқырманы бар 433 Instagram-парақшасы «Ордабасы» футболшылары мен жанкүйерлерінің жеңісті тойлаған сәтінен видео жариялады. Дәл осындай тойлау дәстүрін көп ұзамай Бразилиямен ойнайтын Норвегия құрамасы да қолданады.

Бұл жай ғана сәйкестік емес. «Ордабасы» сапында норвегиялық шабуылшы Бьорн Йонсен ойнайды. Жеңісті осылай атап өту дәстүрін командаға сол алып келген.

Қалай болғанда да, бұл —шымкенттік клуб үшін жақсы ақпараттық мүмкіндік. Қазақстан футболы аз уақыт болса да, миллиондаған әлем жанкүйерінің назарына ілікті.

Back to top button