
ҚПЛ клубтары екінші турға дайындалып жатқанда, жасөспірімдер алаңға өз турнирінің жаңа гимнімен шығатын болады. Мұндай тәжірибе ҚПЛ-де әзірге жоқ. Спорттық жобаларда гимн турнирдің атмосферасын қалыптастырып, дәстүрін бекітіп, қатысушылардың жарыспен эмоциялық байланысын нығайтады. QJ League гимні біртіндеп жарыстың танымал символына айналып, турнирдің өзіндік дәстүрінің бір бөлігі болмақ. Жас футболшылар үшін бұл — маңызды сәт. Өйткені алаңға шығу олардың өз турнирімен тікелей байланыстырылатын әуенмен сүйемелденеді.