Новости

Рохус Шох жаңартылған «Жас Қыран» стадионында болды

Freedom QJ League президенті Рохус Шох «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер орталығының стадионында жүргізілген жаңғырту жұмыстарының нәтижесімен танысты. Аренадағы жасанды жабын толық ауыстырылып, трибуна астындағы қызметтік бөлмелер де жаңартылған.

Орталық басшылары Берік Қаниев пен Марат Әбділдабековтің айтуынша, стадионды қайта жаңғыртуға түрткі болған негізгі себептердің бірі — QJ League жарысына қатысу. Себебі лига клубтар мен академиялардың инфрақұрылымына жоғары талап қояды.

Олардың айтуынша, лигамен әріптестік балалар мен жасөспірімдер футболының дамуына серпін беріп, футбол инфрақұрылымына инвестиция салуға ынталандырады. Келесі кезеңде стадион трибуналарының сыйымдылығы арттырылмақ.

Back to top button