Клубы
Шейи Оджо – «Ақтөбе» ойыншысы

Бұрын «Ливерпульде» ойнаған Шейи Оджо ресми түрде ақ-қызылдармен келісімшартқа қол қойды.
Есімі мен футболдағы жұріп өткен жолына қарасақ, бұл — «Ақтөбе» үшін жақсы трансфер. Бірақ нақты бағасын уақыт көрсетеді. Нигериялық текті ағылшын вингері енді өз мүмкіндігін алаңда дәлелдеуі керек.
Дегенмен бір нәрсе анық, Шейи Оджо — жарқын ойынымен ерекшеленетін, жанкүйерлерге қызық болатын футболшы.