Федерация

Скотт Манн алдағы жылдары  ҚФФ-ның басымдық беретін үш бағытын атады

ҚФФ-ның бас хатшысы алдағы жылдары қазақстандық футболды дамытудағы бастұы бағыттарды және олардың ұлттық футболдың болашағы үшін неліктен маңызды екенін айтты.

— Қазақстан футбол федерациясының басты міндеттері қандай?

— Біз үшін үш негізгі басымдық бар. Біріншісі — ерлер және әйелдер ұлттық құрамаларының табысты өнер көрсетуі. Түпкі мақсат — әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлерге жолдама алу.
Екіншісі — кәсіби лиганы дамыту, клубтардың коммерциялық тұрақтылығын арттыру және чемпионаттың сапасын көтеру.
Үшіншісі — футболмен айналысатын адамдардың санын көбейту. Бұл бағытқа әйелдер футболы, футзал және жағажай футболы да кіреді.

Back to top button