Новости

Төрешіге қатты ашуланғанын жасырмады

Бүгін Нұрлан Артықбаевпен сөйлестім. Ол федерация Көкшетаудан арнайы шақырған төрешіге қатты ашуланғанын жасырмады. Көкшетауда «Ақтөбемен» еурокубок жолдамасына таласып жатқан «Оқжетпес» клубы бар. Артықбаев кеше «Ақтөбені өлтіріп кетті» деп те ашық айтты. Бізге жеткен ақпарат бойынша, Нани, Яни Атанасов және команданың басқа да негізгі ойыншылары төрешілікке қатысты наразылықтарын әлеуметтік желіде жарияламақ. Даулы сәттерге келсек, (Нуну Каштру олардың әрқайсысын жеке-жеке талдап шығуы керек деп ойлаймыз) мұндай төрт эпизод бар. Біріншісі — есеп «Ақтөбенің» пайдасына 1:0 болып тұрған кезде Киламаның өз айып алаңында қолмен ойнауы. Екіншісі — «Ақтөбенің» қақпасына алғашқы гол соғылар алдындағы айып добы. Үшіншісі — «Ордабасы» қақпасына соғылған голдың есепке алынбауы. Төртіншісі — Малыйды алаңнан қуып жіберуге болатын сәт. Бірақ төреші бұл эпизодтардың бірінде де VAR-ға жүгінбеді.

Back to top button