Федерация
Талғардағы ҚФФ Академиясы: Скотт Манн құрылыс барысымен танысты

Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Скотт Манн Алматы халықаралық әуежайының қолдауымен бой көтеріп жатқан жаңа академия құрылысының қазіргі жай-күйімен танысты.
2026 жылғы 13-20 шілде аралығындағы есепке сәйкес, жалпы құрылыстың ілгерілеуі 39%-ды құрайды.
Құрылыс жұмыстары кешеннің барлық негізгі блоктары бойынша қарқынды түрде жүргізілуде:
1-блок (спорттық корпус): нысанда жабын тақтасын жабдықтау жұмыстары орындалуда.