Клубы

Турдың орталық матчы аса әсерлі өтті деу қиын

Бірақ ойын деңгейі басқа кездесулерге қарағанда жоғары болды. Бұған футболшылардың шеберлігімен қатар, сапалы алаң мен жанкүйерге лық толы стадион да өз әсерін тигізді.

«Қайраттың» жеңісі көпшілік үшін күтпеген нәтиже болды. Осы жеңістен кейін чемпиондық үшін күрес бұрынғыдан да қыза түсті. Қазір «Ордабасы» қуып жетуші рөлінде. Дегенмен шымкенттіктердің қорында әлі бір ойыны бар. Бұл — олардың үлкен артықшылығы. Оның үстіне «Қайрат» еурокубокта да ойнап жүр. Мұндай кесте командадан көп күш пен эмоцияны талап етеді. Былтыр дәл осындай жағдайда «Астанаға» алматылықтарды екінші орынға түсіру үшін бір ғана гол жетпей қалған еді.

Бір жыл бұрын «Астана» қарсыласынан бір ұпай қалып келе жатқан. Ал биыл жағдай басқаша. Қордағы ойынын есептегенде, «Ордабасы» «Қайраттан» бір ұпай алда келеді.

Бір нәрсе анық, маусымның соңы өте тартысты болады. Бірақ 2026 жылғы чемпиондыққа басты үміткер саналатын осы екі команда енді бір-бірімен кездеспейді.

Back to top button