Новости

«Қайраттың» еурокүзге шығуы қанша қаржы әкеледі?

«Қайраттың» 2026/27 жылғы Конференция лигасының кем дегенде жалпы кезеңіне шығуы Қазақстан футболына УЕФА-дан қомақты қаржы түсетінін білдіреді.

2025/26 маусымының қорытындысы бойынша «Қайраттың» Чемпиондар лигасына шығуының арқасында ҚПЛ-дың әр клубы рекордтық 596 461 еуродан алды. Конференция лигасында мұндай соманы қайталау мүмкін емес. Мысалы, 2024/25 маусымында «Астана» Конференция лигасына жолдама алған кезде, ҚПЛ клубтарының әрқайсысына 358 мың еуродан тиген.

Теориялық тұрғыдан биылғы маусымдағы сома әр клубқа 358 мың еуродан көп болуы керек. Алайда бір маңызды шектеу бар: УЕФА-дан түсетін қаржыны бөлетін клуб саны қазір 13 емес, 15. Сондықтан әр клубқа тиетін қаржы азаюы мүмкін. Ал «Астана» үшін түскен ақша кезінде небәрі 12 командаға бөлінген.

Back to top button