Новости
ҚФФ президенті Ақтөбеге келді

«Ақтөбе» – «Ордабасы» матчының алдында Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровпен бірге жаңа стадион салынатын аумақты аралап көрді.
Мердігер компанияның өкілі қонақтарға қала үшін маңызды нысан құрылысының барысын баяндады. Бірқатар нақтылау сұрақтарын қойғаннан кейін ҚФФ басшысы Батыс Қазақстандағы жалғыз жабық футбол манежіне барды. Айта кетейік, бұл нысан 2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа таныстырылған болатын.