Клубы

«Оқжетпес» Жезқазғанда жеңіліс тапқаннан кейін өз алаңында жанкүйерлерінің алдында есесін қайтаруға тырысады

«Қызылжар» оңай қарсылас емес. Дегенмен көкшетаулықтардың оны жеңуге мүмкіндігі бар. Оның үстіне, ойын өз алаңында өтеді. Бірақ қосалқы құрамының «Ақтөбе» мен «Елімайға» қарағанда қысқа болуы команданың мүмкіндігін шектейді. Сондықтан «Оқжетпес» өз алаңындағы екі ойында алты ұпай жинап, қарсыластарының ұпай жоғалтуын күтуі керек. Бұл — орындалатын міндет. Оның үстіне, көкшетаулықтар қатарынан екі матчты өз алаңында өткізеді. Егер чемпионаттың аяқталуына үш емес, бес тур қалып, командалардың жағдайы қазіргідей болса, онда «Ақтөбе» мен «Елімайдың» мүмкіндігі жоғары дер едік.

Қиын жағдайда тұрған «Қайсар» өзінен де қиын жағдайда қалған «Жетісуды» жеңіп, үш ұпай алуға тиіс. Бұл жеңіс қызылордалықтардың Премьер-лигада қалу мүмкіндігін арттырады.

«Тобыл» мен «Жеңістің» ойыны қалай аяқталатынын болжау қиын. Қостанайлықтардың деңгейі жоғары болғанымен, олар көбіне мықты қарсыластарға қарсы жақсы ойнайды. Ал деңгейі төмендеу командалармен кездескенде, кейде босаңсып кетеді. Дегенмен бүгін «Тобыл» жеңіске бар күшін салса, астаналықтардың ұпай алу мүмкіндігі азаяды.

«Ақтөбе» – «Ордабасы» матчын әзірге бөлек қарастырайық. Бір анығы, бұл ойынды бүкіл Қазақстан тамашалайтыны сөзсіз.

Back to top button